+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Елбасы төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2020 жылғы 3 маусым 19:26
Бөлісіңіз:
Елбасы төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Қазақстанға әлемдік аренада жоғары бедел әкелді - Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров «Біз барлық жетістікке ынтымақтың арқасында қол жеткіздік»: Елбасының қанатты сөздері «Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады

Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қоры ел дамуында маңызы рөл атқаратынын атап өтті.

– Биыл біз ауыр сынақтарға тап болдық. Коронавирус пандемиясы жаһандық экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Әлемдік экономика мен сауда өсімі тоқтады. Бұл факторлардың барлығы біздің экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз, - деді Елбасы.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдағанына және маңыздылығына тоқталды.

– Экономикамызды қалпына келтіруде және әрі қарай дамытуда ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары осы Қордың құрамына кіреді. Қор компанияларының жиынтық активтері 28 трлн теңгені құрайды. Бұл – ЖІӨ-нің 40%-ы. Мұнда 300 мың қызметкер жұмыс істейді. Қиындықтарға қарамастан компаниялардың бәрі жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылғы Қор көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылға резерв құруға мүмкіндік бергенін байқап отырмыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын барысында ҚР Премьер-Министрі А.Маминның, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімовтің, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Айдарбаевтың, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Елбасы Қор компанияларының тиімділігін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті қор компанияларын жекешелендіру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауарөндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы «Самұрық-Қазына» басшылығының дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңыздылығына тоқталды.

– Қор басшылығы дер кезінде қабылдаған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 млрд. теңге бағыттады, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT