Елбасы: Тәуелсіздіктің арқасында Отанын сүйетін жаңа ұрпақ тәрбиеленді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында Отанын сүйетін жаңа ұрпақ тәрбиеленді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы басты іс-шаралардың бірі - «Бір

Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік концертінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Сіздер бақытты ұрпақсыздар. Себебі Тәуелсіз Отандарыңызда өмір сүріп жатырсыздар. Біз тәуелділікті көрген ұрпақпыз. Сондықтан Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жақсы білеміз. Еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында жаңа ұрпақ тәрбиеленді. Білімді ұрпақ тәрбиеленді. Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиеленді. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні -Тәуелсіздікпен сабақтас», - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы осыдан 23 жыл бұрын біздің еліміз тарихында тұңғыш рет жалпы халықтық сайлауда өз басшысын сайлағанын еске салып өтті.

«Сол кезде 90 пайыздан астам маған көрсеткен сенімнің арқасында, Мен 15 күннен кейін Тәуелсіздікті жарияладым. Халықтың сеніміне сүйендім, халықтың сенімі күш-қуат берді. Содан бері біз Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз»,- деді Президент.

Мемлекет басшысы өткен жылдарда Қазақстанды барша әлем танығандығын, БҰҰ-да еліміздің жалауы желбіреп, әлем елдерімен деңгейлес болғанымызды қадап айтты.

«Еілімізді өркендетіп, экономикамызды нығайтып, әлеуметтік жағдайымызды күшейтіп, халқымыздың мерейін көтердік. Қиыншылық дағдарыстарға қарамастан жарияланған «Нұрлы жол» атты жаңа бағдарлама, 2050 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарлама, осының барлығы жастар үшін. Біздің буын жалауды алдағы уақытта қолдарыңызға берген кезде, осыны қадірлеп, ары қарай алып барады, Қазақстанның Тәуелсіздігін қасық қаны қалғанша қорғайды деген сенімдеміз»,-деді Н. Назарбаев.

Елбасы барша халықты ішкі бірлікті сақтауға, егемендікті қадірлеуге, аянбай білім алуға және еңбек етуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар