Елбасы Ташкенттегі Төле би мавзолейіне барды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Төле би мавзолейіне барып, гүл шоқтарын қойды. Елбасымен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бірге жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

Айта кетерлігі, «Төле би мавзолейі» сәулеттік кешені Ташкент қаласының ең танымал көрікті жерлерінің бірі саналады. Сәулет ескерткіші ХY ғасырдың бірінші жартыжылдығында салынған.  Мавзолейде Төле бидің мүрдесі жерленген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне барды.

Ташкенттің Тәуелсіздік алаңында тұрғызылған сәулеттік кешенде Өзбекстанның картасы бейнеленген қола глобус пен қолына бала ұстаған ана бейнеленген.  Қола глобус 1991 жылы орнатылған болатын. Ал 2005 жылдың желтоқсанында еcкерткішке жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, «Бақытты ана» мүсінімен толықтырылған.

Өзбекстан Президентінің 2006 жылғы 3 ақпандағы қаулысына сәйкес кешенге «Тәуелсіздік және гуманизм» атауы берілген.

фото: travelblog.kz

Соңғы жаңалықтар