Елбасы Ташкентке сапарын тарихи күн деп бағалады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президентімен жиі кездеуіміз стратегиялық серіктестігімізді жақындатты. Бұл туралы бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

«Мен алдымен Өзбекстан президентін және барша өзбек халқын біздерді ыстық ықыласпен қабылдағаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Біздің жоғары дәрежедегі кездесуіміз игі дәстүрге айналды. Шавкат Мирзиёев президент болып сайланған бері бұл елге ресми сапармен келіп отырған  шетел басшысының ең біріншісі менмін. Бұл Қазақстан атына көрсетілген үлкен құрмет болып саналады», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осы жылдың ішінде ғана Өзбекстан президентімен бесінші рет кездесіп отырғандығын атап өтті.

«Мұның бәрі екі  елдің арасындағы  қарым-қатынасты, жиналып қалған  мәселелерді шешу үшін қажет болды. Бұл біздің стратегиялық серіктестігімізді жақындатты. Сондай-ақ елдеріміздің арасындағы  қарым-қатынасты дамытуға барынша мән беріліп отыр. Осы күндердің арасында көп мәселе шешілді. Осы сапарды, келісөздерді да екі елдің арасындағы тарихи күндер деп санаймын»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар