Елбасы тарихи отанына оралған қандастарымыз жайында айтты
«Барлық уақытта да Малайзияда біз сияқты 16 млн адам болғанын айтып келемін. 40 жылдан кейін олардың саны 60-70 млн адамға жетті. Бірақ қазір жағдай басқа. Бүгінде мәдениетті бола түсті, отбасын жоспарлайтын болды. Қалай десек де бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның «Qazaq. Алтын адам тарихи» деректі фильмінде.
Елбасы елімізде бала туу көрсеткішінің жақсарғанын айтты.
«Бұған қоса, сонау қиын-қыстау жылдары – төңкеріс, соғыс, аштық жылдары 3-4 млн қазақ жан-жаққа кетіп қалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін менің бастамам бойынша 1 млн адам елге оралды. Жұмыс, көтерме жәрдемақы бердік. Бұл лек жалғасуда. Этникалық қазақтардың ешқайсысына да өз Отанына оралуынан кедергі келтірмейміз. Яғни, процесс жалғасып жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері атақты кинорежисер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен.