Елбасы тапсырмасына сәйкес ауылды қолдау жұмыстары жалғасатын болады - ғалым пікірі

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы тапсырмасына сәйкес ауылды қолдау жұмыстары жалғасатын болады.

Президент бұл жөнінде өзінің Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісінде тағы да айтты.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Балуаш Траисовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл бағытта аталмыш оқу орны өз міндетін орындап келеді. Мәселен, Тасқала ауданында оқу-ғылыми өндірістік кешені бар, онда университет меншігінде екі мың бастай Ақжайық етті-жүнді тұқымды қойы бағылуда. Мұнда студенттер оқу-өндірістік машықтанудан да өтеді. Қарашаның 8-інен олардың бір тобы аттанбақ.

Елбасы инновациялық технологияны дамытуға үнемі көңіл бөліп келеді. Бұл ретте университеттің машина жасау, политехникалық факультеттерінде ізденіс бар. Агрономияда да жаңа бағыттарға жол салынуда, ылғал сақтау сақтау технологиясы игерілуде.

Қазіргі кезде ауылға барынша көңіл бөлінуде. «Дипломмен - ауылға» жобасы қолға алынып отыр. Бұл дұрыс та. Ауылды білікті мамандар ғана көтереді.

Соңғы жаңалықтар