Елбасы тапсырмасымен Тараздағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпанда сағат 06-21-де Тараз қаласында 9 ықшам ауданындағы 62-ші үйдің 1-3 қабаттары құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыс 2-ші қабаттағы 46-шы пәтерде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі - орташа ауыр.

Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.

Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №47 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде.

ҚР ІІМ ТЖК алдын ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.

Жедел штаб құрылды, +7- 7262 - 513575 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар