Елбасы тапсырмасымен БҚО аудандарында 100 спорт алаңы салынбақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасына сәйкес облыс аудандарында 100 спорт алаңы салынбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөрлі ауданында болған жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Алтай Көлгіновтің мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауды жариялаған кезде Үкімет пен әкімдерге кемінде 100 дене шынықтыру-спорт кешенін тұрғызуды тапсырғаны белгілі.

Осы орайда, тек қалада ғана емес, шалғай ауылдарда да тұрғындардың, соның ішінде жастардың дене шынықтырумен дендеп айналысуы үшін спорт алаңдарын салудың маңызы зор. Сол себепті «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, алыс аудандарда 100 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.
null 

Өңірде іргелі елді мекендер де бар. Соның бірі - Бөрлі ауданындағы Бөрлі ауылы. 4200 адам тұратын ауылды көркейтуге өткен жылы 5 млрд теңге жұмсалды. Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауыз су құбыры тартылып, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді, ауылдың бас көшесіне қатқыл табанды жол төселді. Енді жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп отыр. Мұнда ауыл тұрғындары тренажерде өз денесін шыңдаумен бірге бокс, қазақ күресі, волейбол, шағын футбол, баскетбол, допты хоккей сынды спорт түрлерімен айналыса алады.

null 

Жаңа нысан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының облыстың әлеуметтік жобаларына бөлетін қаржысы есебінен бой көтерді. 320 орындық кешеннің жобалық құны - 321 млн теңге. Мұнда 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

«ҚПО б.в.» компаниясы бас директорының орынбасары Марат Кәрімовтің сөзіне қарағанда, биылдың өзінде облыс бойынша 35 млн АҚШ долларына 36 жоба жүзеге асырылса, соның бесеуі Бөрлі ауданында іске қосылды.

Айта кетейік, Бөрлі ауданында сонымен қатар Кеңтүбек және Жаңақоныс ауылдарына сапалы ауыз су жеткізілді.

Елбасы Жолдауында айтылғанындай, халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету, соның ішінде таза сумен қамту - маңызды бағыттардың бірі. Соңғы екі жылда облыстың 110 ауылына 2 мың км орталықтандырылған су құбыры тартылды. Шалғайдағы Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының орталықтары сапалы су көзіне қосылды. Жәнібек, Қазталов аудандарында да осындай жұмыстар жалғасуда. Екі жылда облыста ауылдардың таза сумен қамтылу көрсеткіші 30 пайыздан 45 пайызға жеткізілді. Алдағы жылы тағы 50 елді мекенге ауыз су құбыры тартылмақ.

null null null 

Фото: Александр Куприенко

Соңғы жаңалықтар