+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Елбасы тапсырмасы: Ұлттық экономика министрі еңбекақының өсуіне қатысты үндеу жасады

2018 жылғы 31 қазан 14:48
Бөлісіңіз:
Елбасы тапсырмасы: Ұлттық экономика министрі еңбекақының өсуіне қатысты үндеу жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан кәсіпкерлерін әлеуметтік жауапкеркешілік танытып, еңбекақы өскеннен кейін тауар бағасын өсірмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдегі бизнесмендерге, ірі және шағын сауда желілеріне үндеу жасағым келеді, яғни еңбекақы өскеннен кейін, олар бірден өнім бағасын өсірумен жарыспауы керек», - деді министр Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда Т. Сүлейменов өткен жылдарда халықтың нақты табысы экономика өсімінен қалыс келгенін түсіндірді.

«Жалпы алғанда, экономика өсті, алайда жан басына шаққандағы кірістер тежеліп қалды. Экономика өсіміне халықтың нақты табысы лайықты болуы үшін біз бұл көрсеткіштерді сәйкестендіріп жатырмыз. Бұл тұрғыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілік танытқаны өте маңызды. Осы процесс аясында олар өздерінің тауарларының құнын негізсіз өсірімеуі қажет, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге, тарифтерге бағаны негізсіз арттырмау керек. Шын мәнінде бұл мәселе Үкіметтің бақылауында тұр. Күн сайын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өзгеруіне қатысты ведомстволардың, облыс әкімдерінің есептері тыңдалады», - деді Тимур Сүлейменов.

Сөз соңында министр бағаның негізсіз өсуі орын алған жағдайда өкілетті органдар қатаң шаралар қабылдайтындығын ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Қазақстан халықана Жолдауында еңбекақыны көтеруге қатысты тапсырма берген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT