Елбасы тапсырмасы: СҚО-да 144,6 мың тұрғынның еңбекақысы өседі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындар жаңа жылдан бастап жұмысшыларының еңбекақыларын өсіреді. Өңірдің нақты экономика секторында жүрген 101,6 мың адамның жағдайы жақсарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлдағы «Изолит» ЖШС жоғары сапалы электроқшаулағыш материалдар шығарады. Зауыттың өнімі Қазақстанда ғана емес, көрші Ресей мен Украина, Беларусь елдерінде де сұранысқа ие. Болашақта Армениямен жұмыс істемек.

Кәсіпорынның бас директоры Александр Бебешконың айтуынша, 2018 жылды олар табыспен аяқтағалы отыр, барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже бар.

«Өнеркәсіптік өндіріс көлемін 107,5 пайызға, жұмысшылардың санын 6,6 пайызға арттырдық. Қазір зауытта 97 адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы - 99 мың теңге. Жаңа жылдан бастап 10 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл жалақыны 13 пайызға көбейткенбіз. Әрине экономика заңына сәйкес еңбекақының көтерілуі еңбек өнімділігінен аспауы қажет. Сондықтан, еңбек өнімділігін барынша арттырудамыз», - дейді электроқшаулағыш материалдар зауытының директоры.

Бригадир Вера Степинаның «Изолит» ЖШС-да еңбек етіп жатқанына биыл 40 жыл. Мектепті бітіріп келген бойжеткен кәсіпорында ысылып, тәжірибе жинап, білікті маманға айналды.

«Бұл кәсіпорында маған барлығы ұнайды. Дайын өнімдерді шығарамыз. Электроқшаулағыш материал - лакты матаның тұтқырлығын, иілгіштігін, салмағын әрдайым бақылап отыру қажет. Өніміміз ғарыш саласына да, ұшақтар мен пойыздарға да, машиналарға да керек. Сондықтан болар, жұмыс орныммен мақтанамын. Жалақымызды уақытылы аламыз», -дейді Вера Степина.

Электроқшаулағыш материалдар шығаратын кәсіпорын 1941 жылы желтоқсан айында Петропавлға Мәскеу мен Мәскеу облыстарынан көшірілген зауыттардың негізінде М.И.Калинин атындағы зауыт болып құрылған болатын. Ол - Кеңес Одағындағы электроқшаулағыш материалдар шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі болды. Ал, тоқырау жылдары зауыт негізінде «Изолит» ЖШС құрылды.

Соңғы жаңалықтар