Елбасы тапсырмасы: «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік, мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғалар да осы жобаға атсалысуы тиіс . 

«Заң жобалары әзірленген соң, министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда», делінген министрліктің Фейсбуктегі парақшасында.

Заң жобаларына қатысты ұсыныстар болса [email protected] электронды поштасына жөнелту керек. Сонымен қатар, ұсыныстар edu.gov.kz, bilimdinews.kz сайттарында «Педагог мәртебесі туралы» заңды талқылаудамыз» бөліміне және республикалық «Білімді ел» газетінде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар