Елбасы тапсырмасы: Атырау облысының кәсіпорындары жалақыны көтере бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында кәсіпорындар өз қызметкерлерінің қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша жұмыстарды бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға қатысты Жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес, өңірдің бірқатар компаниясы өз қызметкерлерінің айлығын орташа есеппен 10-30% дейін арттырды.  

Соңғы мәліметтер бойынша облыстың 1724 кәсіпорнында 10030 қызметкердің жалақысы 42,5 мың теңгеден төмен. Атырау облысы

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Жанахметтің айтуынша, қазіргі уақытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы жұмыс берушілер мен ірі ұйымдарда жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көтеруге қатысты міндеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде.

«Қасхим» ЖШС директоры Этибар Мамадовтың сөзінше, биыл кәсіпорын кейбір қызметкерлерінің жалақысын 12% көтерді. Келесі жылы қалған қызметкерлердің еңбек ақысы артатыны күтілуде.

«Бүгінгі күні біздің қызметкерлер 66-75 мың теңге алады. Атап өткенімдей, келесі жылдың наурыз айынан бастап атқаратын қызметіне қарамастан, кәсіпорында жалақыны 10-15% көтеруді жоспарлап отырмыз», - деді Этибар Мамадов.

«КасХим» ЖШС 2006 жылы құрылған. Бүгінде онда 180 адам жұмыс істейді. Компания полипропилен мен полиэтиленнен сусымалы өнімдерге арналған жұмсақ қаптамалар шығарады.

«Caspian Contractors Trust Atyrau» компаниясы 2002 жылы құрылған. Компанияның басты бағыты - мұнай-газ саласында жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау. Сондай-ақ компания қазіргі уақытта металл конструкцияларын салумен және өндірумен айналысады.

«Біз Мемлекет басшысының саясатын қолдаймыз. Қазіргі таңда кәсіпорынның техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргіздік. Егер бұған дейін олар 35 мың теңге алса, бүгінде олардың жалақысы 55 мың теңгені құрайды», - деді Компанияның атқарушы директоры Мұрат Сқақов.

Жалпы, компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Дегенмен, ірі жұмыс көлемін жүзеге асыру кезінде еңбекақы 300-350 мың теңгеге дейін жетеді. Бүгінгі таңда бұл компанияда 255 адам еңбек етеді.  

«Жігермұнайсервис» ЖШС-дегі жағдай туралы директордың орынбасары Тимур Қожақанов айтып берді.

«Біздің көпбейінді кәсіпорында 380 адам жұмыс істейді. Еңбек жағдайларына да, оның лайықты төлеміне де көп көңіл бөлеміз. Қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргіздік. Қызметкерлеріміз орташа есеппен 180 мың теңгеге дейін алады. Ең төменгі жалақы 110 мың теңге деңгейінде. Бұрын қызметкерлеріміз кем дегенде 80-90 мың алып келді Бұл мәселе бақылауымызда. Жалақыны келесі жылы да арттыру жоспарланып отыр»,- деді Тимур Қожақанов.      

Соңғы жаңалықтар