Елбасы тапсырмасы: Алматыда қызметкерлер жалақысы көтеріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда білім және медицина салалары қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес, Медеу ауданындағы 10 мыңнан астам білім және медицина салалары қызметкерлерінің  жалақысы орташа есеппен 35%-ға өседі.

Алмалы ауданы әкімдігі таратқан хабарламаға сәйкес, ауданның 6 ірі кәсіпорнында еңбекақы төлеу қорын қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Онда 530 қызметкердің жалақысын көтеру жоспарда бар.

43 кәсіпорын басшысымен 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жалақыны көтеру мәселесі пысықтады.

Өз кезегінде Әуезов ауданында 10 мыңнан астам ұйымның 15 мыңға жуық қызметкерінің еңбекақысы өспек.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын.

Авторы: Олжас Омарбек

Соңғы жаңалықтар