Елбасы тапсырмасы: Ақмолалық кәсіпкер бизнесін дөңгелетіп отыр

None
None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков және қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов Степногор қаласында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Степногор қалалық №2 индустриалды-техникалық колледжінде өткен кездесуде вице-министр білім беру саласында қол жеткізген табыстарымыз, ел экономикасын арттыру жолындағы игі бастамалар, қарапайым халыққа жасалып отырған шынайы қамқорлық ілгері басуымыздың нақты көрінісі екендігіне тоқталды.

«Біз сіздермен бір командамыз. Елбасының көтеріп отырған бастамаларын жүзеге асыруда барынша халыққа жеткізу», - деді Сергей Коновалов.

Сонымен қатар, вице-министр «Батыр» балалар мен жасөспірімдердің клубы, «Өмір» тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған әлеуметтік көмек көрсету оралығы, достық - шығармашылық үйі, үкіметтік емес ұйымдармен және аудан активімен және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 3 миллион теңге несие алып фитнес клубын ашқан кәсіпкер Берік Мазановпен кездесті.

Қала активінде ақпараттық-насихат тобы жастар саясатына ерекше тоқтала келе, келер жылы «Жастар жылы» деп белгіленуінің өзіндік мәні барын атап өтті.

«Мемлекет басшысы әр Жолдауында жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Елдің келешегі жастардың қолында екенін ұдайы айтып отырады. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануы тектен тек емес. Өйткені, Елбасының бастамаларын жүзеге асыруда жастардың қосар үлесі зор», деді Сергей Коновалов.

Кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

Сонымен қатар, сенатор Дәурен Әділбеков те Елбасы Жолдауының мәні мен маңызы туралы айтты.

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері Мемлекет басшысының қолға алып отырған сарабдал саясаты мен бәсекелестікке қарсы тұра алатын еліміздің мықты экономикасының арқасында Қазақстан дамудың барлық сатысынан мүдірмей өтіп, дамыған 30 елге қосылатынына сенім артып отыр.

null null null 

Соңғы жаңалықтар