Елбасы тапсырмасы: Ақмола облысында 20-дан астам ірі компания жалақыны көтереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Жолдауын іске асыру аясында Ақмола облысында 20-дан астам ірі компания өз қызметкерлерінің жалақысын өсіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

«Облыстағы 20-дан астам ірі компания өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға дайын екенін білдірді. Олардың қатарында «Тыныс» АҚ, «TNK» агрофирмасы, «Гормолзавод» ЖШС және тағы басқалары бар», - деді 2018 жылдың 9 айында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған  баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.

Өңір басшысының айтуынша, 2019 жылы бюджеттік ұйымдарда еңбек ететін 58 мың қызметкердің (жалпы қызметкерлер санының 15 пайызы) жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтеріледі.

«Дәрігер, мұғалім, мәдениет қызметкерлері және тағы басқалардың   жалақысы орташа есеппен алғанда 77 мың теңгеден 104 мың теңгеге дейін өсіріледі», - деді әкім. 

Соңғы жаңалықтар