Елбасы тамшылатып суарудың тиімділігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарымен кездесуі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде израильдік технологияның арқасында ауыл шаруашылығы дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан табиғи ресурсқа бай. Бұл жаман емес, ол біздің қорымыз, барлық уақытта да көмектеседі. Дегенмен, жердің астындағының барлығы байлық емес. Оны шығарып, адамдардың игілігіне айналдыру қажет. Оған да ғылым керек. (...) 1949 жылы Израиль мемлекеті құрылып, 500 мың еврейді Палестина жеріне апарып тастады. Ол жерде тас пен құмнан басқа ештеңе жоқ. Жалғыз Иордан өзенін ешкі кесіп өте береді. Алайда, бүгінде Израиль мемлекеті қыс бойы бізді құлпынаймен қамтамасыз етіп отыр. Олар Жерорта теңізінің суын тұщытып пайдалануда. Біз олардан тамшылатып суаруды үйренудеміз», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бұған дейін 1 гектар жерден 20 центнер қызанақ алып келсе, тамшылатып суаруды енгізгеннен кейін 100 центнер өнім алуда. Бұған қоса, суды 5 есе аз пайдаланады.

«Бізге олар үйретті. Олар - әлемдегі ең дамыған елдің бірі. Оңтүстік Кореяда да жер қойнауында бір түйір көмір жоқ. Бірақ, бай мемлекет. Швейцарияның да жер қойнауында ештеңе жоқ. Бұл да бай мемлекет. Себебі олар жұмыстарына ақыл-ойды қоса алды», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар