+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Елбасы Такео Кавамурамен кездесті

2019 жылғы 23 қазан 12:44
Бөлісіңіз:
Елбасы Такео Кавамурамен кездесті

ТОКИО. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір үлкен қала бой көтереді: Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Түркістанды аралады Елбасы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысымен танысты

Кездесу барысында Елбасы Жапония парламенттік достық лигасының екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің нәтижелерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Премьер-Министр Синдзо Абэнің Қазақстанға соңғы сапары кезінде біз стратегиялық серіктестігімізді едәуір нығайттық. Біздің экономикалық ынтымақтастықта біраз өзгеріс бар. Бұл жолы Үкіметтің шақыруымен Император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін келдім», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония халықтарының өркендеуі жолында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Такео Кавамура тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президенттің басшылығымен қол жеткен Қазақстанның өсу қарқынын оң бағалады.

Сондай-ақ, Жапония парламенттік достық лигасының төрағасы Қазақстанға жасаған соңғы сапары жайлы және сапар аясында өткізілген кездесулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT