Елбасы соттардан адамдарды доп сияқты әрі-бері қуалай бергенді доғаруды талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан Республика судьяларының VII съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық сотқа сенуі керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең негізгі мәселе Қазақстан халқының сотқа деген қарым-қатынасы, көңілі қандай? Көңілі көншіді ме? Барлық мәселелермен сотқа бара ма, әлде әлі күнге дейін Президентке хат жазады ма? Мәселе сонда. Біз реформа жасаймыз, өйттік-бүйттік, электронды деп отырмыз. Ең бірінші мәселе - халық сотқа сенуі керек, халық сотқа баруы керек. Баяғыдан келе жатқан бірдеңе болса райкомға бару, обкомға бару, бастықтарға жазу әлі күнге дейін тоқталған жоқ. Осы мәселеге көңіл бөлу қажет», - деді ҚР Президенті.  

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдары елімізде жүргізілген іргелі реформаларға сай сот жүйесін жаңғырту шаралары қолға алынғанын атап өтті.

«Онсыз алға жылжу болмақ емес. Бұған дейін атап өткенімдей, жасалған дүние аз емес. Бірақ, біздер атқарған ауқымды жұмысқа қоғам тарабынан берілетін баға соттың қаншалықты әділ болатындығына тікелей байланысты. Адамдар өздерінің проблемаларының шешімін табу үшін  билік дәлізінде әрі-бері жүгірмеуі тиіс. Адамдарды анда-мында доп сияқты қуалай береді.  Жоқ болса - «жоқ» деп, иә болса  - «иә», деп айтудың орнына дәліздерде сенделтіп қояды. Заң бұзылған жағдайда адам барлық өркениетті елдердегідей сотқа барып, онда өзінің құқығы  мен бостандығының сенімді қорғанышын табуы қажет»,- деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар