Елбасы шыршасына қатысқан бүлдіршіндерге iPad сыйға берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республика сарайында жетім  және ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға арналған Елбасы шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, мұндай мерекелік шара қазір еліміздің әр қаласында өтіп жатыр. Бүгін бұл шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3000 бала қатысып жатыр.
null

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев LED экран арқылы балаларды құттықтап, жаңажылдық тілегін жеткізді.

«Айналайын балалар. Мен бәріңе мол игілік, жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өніп, өркендей беріңдер. Армандарың орындалсын. Мерекелеріңмен!», - деді Мемлекет басшысы.
null

null

Салтанатты шараға келген қала әкімі Бауыржан Байбек те балаларға құттықтау тілегін жеткізді.

 «Сіздерді бүгін Елбасы алғашқы болып құттықтап жатыр. Дәл қазір біздің өңірлерімізде сіздер сияқты балалар қуанышпен қатысып жатыр. Бүгінде елімізде 3000 бала Елбасы шыршасына келді. Бұл сіздер үшін үлкен жетістік. Келесі жыл сіздерге жаңа бақыт әкеледі деп сенеміз. Қазір Елбасы атынан керемет сыйлық аласыздар. Бүгінде ең маңызды мәселе - жаңа технологиялар. Сыйлықтардың арасында I Pad планшеттері, спортпен шұғылданам дегендерге спорт киімдері,  оқу құралдары бар. Сіздердің ең басты мақсаттарыңыз денсаулықты сақтай отырып,  білім алу», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
null

Салтанатты шара ертегі кейіпкерлері мен балалардың, Аяз ата мен Ақшақардың шыршаны айналған қызықты көрінісіне жалғасты.
null

null
Бұған әкім Бауыржан Байбек те қатысты.
null

null

Бүлдіршіндерге түрлі музыкалық ұжымдар, әнші Мәдина Сәдуақасова, Жігіттер квартеті тағы басқа өнерпаздар әннен шашу шашты.
null

null
Соңында балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

Мерекелік шараға қатысқан 200 баланың әрқайсысына арнайы сыйлық салынған қобдишалар табысталды. Айта кету керек, әр сыйлық жинағында спорттық киімдер, кеңселік тауарлар, тәттілер, планшет тағы басқа сыйлықтар кірген. Олардың әрқайсысы әр баланың бойы мен жас ерекшелігіне қарай алынған.

null

null

Соңғы жаңалықтар