Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.
– Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.
– Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кездесулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария Президенті.
- Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды
- Қазақстандық ЖОО Өзбекстанның мектеп түлектеріне грант бөлді
- Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті
- Биылғы Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
-
Қазақстанның Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
-
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам