Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты ретінде ұлттық әдебиетіміз бен руханиятымыздың дамуына сүбелі үлесін қосып, артына мол мұра қалдырды. Ол қалың оқырманға лирикалық жырларымен қатар көптеген ән мәтіндері арқылы кеңінен танылған талант иесі болатын.

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қарымды қаламгер, дарынды тұлға, абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.



Соңғы жаңалықтар