+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Елбасы шетел Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

2018 жылғы 8 қазан 12:42
Бөлісіңіз:
Елбасы шетел Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет елдердің Қазақстанға жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Словакия Елшісі Милан Коллар, Испания Корольдігінің Елшісі Давид Артуро Карриедо Томас, Қытай Елшісі Чжан Сяо, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссон, Израиль Елшісі Лиат Вексельманилар сенім грамотасын табыс етті.

«Баршаңызды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Сіздердің қызметтеріңіз ел дамуының ең маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Стратегиялық бағытымыз - Қазақстанды әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына қосу. Осыған орай қажетті бағдарламалар қабылдап, кешенді реформалар жүзеге асырып келеміз. Былтыр Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайызға жетіп, әлемдік орташа көрсеткіштен асты», - деді Елбасы.
null

Қазақстан Президенті Тәуелсіздік жылдары елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 300 млрд долларға жеткенін атап өтті. Дүниежүзілік банктің DOING BUSINESS рейтингі бойынша Қазақстан 190 елдің арасында 36 орынға ие болғанын айтты.

«Биыл біз заманауи технологиялық инфрақұрымы бар әрі үздік тәжірибеге негізделген жаңа «Астана» халықаралық қаржы орталығын аштық. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын табысты орындау үшін 2022 жылға дейін 400 миллион долларға жуық қаражат жұмсау жоспарланып отыр», - деді ҚР Президенті.
null

Сонымен қатар мемлекет басшысы ұлттық болмысымызды 21 ғасырға сай жаңғырту мақсатымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатқанын айтты.

«Жалпы саяси-экономикалық, рухани жаңғыру еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта елді ынталандыру үшін мен жақында халыққа өз Жолдауымды жарияладым. Халықтың хал-жағдайын түзеудің тағы бір белесіне көшетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null null null null null null null null null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT