Елбасы Семейдегі стадионның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған еді.



Соңғы жаңалықтар