Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің Спикерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің Спикері Абдуллах Әл-Шейхпен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Елбасы Абдуллах Әл-Шейхке сапармен келгені үшін және Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын атап өтті.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Сауд Арабиясының басшылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге белсенді қолдау көрсеткенін еске салды.

– Біз Сауд Арабиясына зор құрметпен қараймыз. Тәуелсіздік алған тұста сіздің еліңіз үлкен қолдау көрсетті. Бұл біздің есімізде, - деді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар