Елбасы Санкт-Петербургке келді
19:35, 27 Желтоқсан 2021
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.
«Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді», -делінген хабарламада.