Елбасы: Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздерден кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатына өзінің бағасын берді. «Ресейдің қуатын жете бағаламау дұрыс емес. Бұл - аумағы бойынша ең үлкен мемлекет және ең бай ел», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы талқылаулар барысында Ф. Олландпен бірге қалыптасқан ахауалдан шығудың жолын табу бағытында бірыңғай пікірге келгендігін атап өтті.

Сонымен қатар Н. Назарбаев РФ экономикасы әлемдік экономикаға тығыз ықпалдаспағандықтан, Ресейге қарсы санкциялар тиісті әсерін бермейтіндігін айтты.

Қазақстан Президенті РФ басшысы В. Путинді либерал деп санайтындығын, сондай-ақ Путиннен кейін Ресейде национал-патриотизм немесе коммунистік реваншизм қандай болатындығы белгісіз екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар