Елбасы Ресей және Татарстан жастарын Назарбаев Университетінде білім алуға шақырды

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазан федералдық университетінде сөйлеген сөзінде білім туралы, республиканың білім саласындағы міндеттері жайлы айтты.

Мемлекет басшысы «Үш тұғырлы тіл» жобасының іске асырылуы мен Қазақстандағы барлық мектепте ІТ-технологияларды енгізудің барысына тоқталды.

«Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде «Үш тұғырлы тіл» жобасы іске асырылып жатыр. Барлық мектептерде оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алып жатыр. Экономиканы дамытуға, инновацияларға, заманауи білім беру технологияларына ерекше назар аударылуда. Мектептерде ІТ-технологияларын енгізу мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілген», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда Қазақстанда 20 зияткерлік мектебі ашылғанын жеткізді.

«Индустриалды-инновациялық даму қарқынын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын жаңғыртуды қолға алдық. Қазақстанның білім беру саласындағы ең ірі жоба әлемдік деңгейдегі «Назарбаев Университеті» болды», - деді ҚР Президенті.

Университеттің заманауи ғылыми-техникалық әлеуеті туралы айта келе, Елбасы Ресей мен Татарстан жастарын «Назарбаев Университетінде» білім алуға шақырды.

Бұдан тыс, Мемлекет басшысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, т.б. жоғары оқу орындары туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар