Елбасы Ресей Президентімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің «тет-а-тет» форматтағы кездесуі басталды. Келіссөз бойынша толығырақ ақпарат http://Elbasy.kz сайтында жарияланады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді.



Соңғы жаңалықтар