Елбасы Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Ресейдің Магнитогорск қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан 19 адам қаза тапты, 25 тұрғынның тағдыры әлі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар