Елбасы Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына  дайындық барысын қарастырды 

Соңғы жаңалықтар