Елбасы президенттіктен бас тартатыны туралы мемлекет басшыларынан кімге бірінші хабарлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен бас тарту туралы шешімімен алғашқы болып қай елдің президентіне хабарлағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұндай жайттарды таратуға болмайды, мен ол туралы ешкімге айтпадым. Сол күні таңертең біздің үлкен көршіміз Путинге хабарластым, ол таңғалысын жасырмады. Мен айттым: Бұл туралы кешке хабарлаймын, мен сіздің өз аузымнан естігеніңізді қаладым. Одан басқа, мемлекет басшыларынан ешкім білмеді. Мемлекетті басқарудан бас тарту туралы ой маған 2015 жылы келді», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Штрихи к портрету. Откровение» атты деректі фильмде.


Еске сала кетейік, Елбасы туралы деректі фильмнің көрсетілетіні туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар