+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Елбасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы қасиеттерін атады

2019 жылғы 11 қазан 22:05
Бөлісіңіз:
Елбасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақсы қасиеттерін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында Президент қызметіне бірнеше адамды қарастырғанын, сондай-ақ неге Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы: Халық денсаулығы – орнықты даму мен бақуаттылық негізі Бакудегі Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі келешегі-2040» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті

«Әрбір басшылықта жұмыс істейтін бірінші басшысы заманы келгенде ойлана бастайды, яғни «билікті ендігі буынға қалай береміз, оны кім басқарады» дегенді қарастырады. Әрине, менің төңірегімде көптеген жақсы азаматтар өсті, оны өздеріңіз көріп жүрсіздер. Осы орайда бірнеше адамды қарастырдым. Соның ішінен бүгінгі күні ең дұрысы әрі сай келетіні Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев деп есептедім. Неге? Біріншіден, менің жанымда ширек ғасыр уақыттан бері келе жатқан адам. Мен оны жақсы білемін, ол да менің жұмысымның сыр-сипатының барлығын біледі. Екіншіден, қазақтың бірден бір сауатты азаматы. Үшіншіден, дипломатиялық өмірде көп кісілермен танысқан, барлығы оны біледі», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Бұл тұрғыда Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Үкімет басшысы секілді лауазымды қызметтерді атқарғанын еске салды.

«Ел басқару оңай емес. Әрқайсысы ел басқарамын деп ойлайды. Елдің таңдағаны дұрыс. «Nur Otan» партиясының және менің ұсынуыммен халық сайлады. Енді қазіргі Президентімізді барлығымыз қолдауымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT