Елбасы Павлодардағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Павлодарға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Giessenhaus» ЖШС-те Елбасына «Алюминий кластерінің өнімі» көрмесі ұсынылды. Онда Павлодар облысының кәсіпорындары - «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Проммашкомплект» ЖШС, «Қазақстан ипотека компаниясы» АҚ және «CNN» компаниясы өз өнімдерін көрсетеді.

«Giessenhaus» ЖШС қызметімен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы «Қазэнерогокабель» АҚ-қа барып, онда шығарылатын электр сымдары және кабель түрлерімен танысады.

Елбасы С. Торайғыров атындағы облыстық біріккен ғылыми кітапханада орналасқан «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне барады.

Сапар аясында кітапханада Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысында жүзеге асырылған: «Жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі орындарының географиясы», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер», «Латын графикасына көшу» атты алты арнайы жобасының қорытындыларына арналған көрме ұйымдастырылады.

Көрмеге «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпаздары, өңірлік жобалық кеңсе және жұртшылық өкілдері қатысады.

Фото Павлодар облысының ресми сайтынан алынды. Авторы - Бугаев Владимир

Соңғы жаңалықтар