Елбасы Павлодар облысының экономикасына инвестиция тартуды тапсырды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының экономикасына инвестиция тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды басымдықтардың бірі - инвестиция тарту», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодардағы С. Торайғыров атындағы кітапханада өткен өңірді дамыту қорытындысы бойынша кеңесте.

«Шағын және орта бизнесті дамыту - өзекті мәселе. Бүгінгі таңда аймақтағы шағын және орта бизнестің үлесі облысты дамыту құрылымында 17 процентті құрап отыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ал еліміз бойынша орташа көрсеткіш 27 процент деңгейінде.

«Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің өнім көлемі 16 процентке төмендеген», - деп назар аудартты Елбасы. 

Соңғы жаңалықтар