Елбасы партияаралық ынтымақтастық тобын облыстық мәслихаттар деңгейінде де құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, этникааралық келісімді нығайту бағытындағы бірқатар маңызды мәселелерді айқындап берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі этникааралық келісімді нығайту ұдайы күш-жігерді талап етеді.

«Біріншіден, қазақстандық төзімділікті нығайту - бұл, ең алдымен, біздің Қазақстан халқы Ассамблеямызды нығайтумен тығыз байланысты. Менің тапсырмам бойынша Ассамблеяны стратегиялық дамытудың 2020 жылға дейінгі жобасы әзірленді. Біз Ассамблеяның өңірлердегі күшін нығайтуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей Мәжілісте бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі  партияаралық ынтымақтастық тобы құрылды. Бұл өз мәнінде депутаттардың басқа партиялармен өзара әрекеттестігінің жаңа тетігі. Бұл тәжірибені облыстық мәслихат деңгейінде де енгізу керек»  -деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар