Елбасы өзінің сұхбатында неге Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын түсіндіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатының тағы бір үзіндісі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Президенттік қызметіңізді қалай қорытындылар едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Сонымен бірге, Елбасы Президент қызметіне бірнеше адамды қарастырғанын, неге Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын түсіндіреді.

Одан бөлек, Н. Назарбаев Түркістан облысының құрылуы, табысты қызмет сыры жөнінде сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбаттың толық нұсқасы бүгін «Хабар» арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі.

Осы сұхбатта Тұңғыш Президент елдегі «қос билік» туралы қауесетке жауап беріп, президенттіктен кеткеніне өкінбейтінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар