Елбасы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.

фото: www.akorda.kz

Соңғы жаңалықтар