+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елбасы Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты

2017 жылғы 14 шілде 12:08
Бөлісіңіз:
Елбасы Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null
«Нұрлы жол» жаңа саябағы бұрын бос жатқан жерге салынды. Оның жобасы заманауи үрдістер ескеріле отырып, ландшафтты дизайнда жасалды. Бүгінде бұл жерде драма театры, мектеп пен оңалту орталығынан тұратын заманауи кешен бой көтерді.
null

«Келешекте мұнда көпқабатты 10 үйден тұратын үлкен тұрғын үй кешені салынады», - деді монумент архитекторы Сәрсен Сейітов.

Саябақтың көркін «Нұрлы жол» атты басты монумент келтіруде.
null

Сәулетшінің айтуынша, монументтің екі стелласы Қазақстан туының түсімен жасалған және ол екі құрлық - Еуропа мен Азияның тоғысуын білдіреді. Стеллаларды ортақ шаңырақ біріктіріп тұр, оның үстінде қазақ халқының еркіндігінің символы - қыран құс қалықтауда. Қыран құс алтын түсте жасалған.
nullnull

Президенттің назарына сондай-ақ архитектуралық көрме ұсынылатын болады. Онда Зайсандағы Шілікті қорғанында, Берел қорғаны мен Аблайкит будда ғибадатханасында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған 2 мың артефакт қойылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT