+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Елбасы өңір әкімдерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығын талқылады

2020 жылғы 3 сәуір 17:15
Бөлісіңіз:
Елбасы өңір әкімдерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Қазақстанға әлемдік аренада жоғары бедел әкелді - Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров «Біз барлық жетістікке ынтымақтың арқасында қол жеткіздік»: Елбасының қанатты сөздері «Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады

Әңгіме барысында өңірлердегі ахуал және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті биліктің дайындығы талқыланды.

Бірінші кезекте Елбасына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар мен елді мекендердегі медицина нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирустың таралуына байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарға Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы баяндалды. Әкімдер төтенше жағдай кезінде адамдар мен бизнесті қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екендерін айтты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы төтенше жағдай кезіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Әкімдер еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі көктемгі егін егу науқаны барысы мен солтүстік аймақтардағы егіс жұмыстарына дайындық туралы ақпарат беріп, жекелеген облыстарда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жоспарлары жөнінде баяндады.

Елбасы әкімдерге төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрсетіліп жатқан көмекті әрбір мұқтаж адамға жеткізу бойынша тиімді жұмыс атқаруға тілектестік білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT