Елбасы Олимпиададағы Ольга Рыпакованың «қола» медалі «алтынға» татитынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында Ольга Рыпакованың «қола» медалін «алтын» жүлде деп бағалады.

«Жеңіл атлетикада  Ольга Рыпакова жоғары биіктерден көрінген жетістіктерін сақтап қалғанын бөлек атап өткім келеді. Олимпиадада үшінші нәтиже көрсеткен Ольганың «қола» медалі де «алтынға» татиды. Неліктен? Себебі Лондон және Рио Олимпиадалары арасында ол өмірге ұл әкеліп үлгерді, бүгінде бала үшке толды. Оның екі баласы бар және ол спорттық формасын және спорттық жігерін сақтап қалуға қауқарлы болды. Нағыз ерлік! Біріншіден ол -ана! Екіншіден, батыр әйел!» - деді Президент бүгін Астанада жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанатты шарасында.

Сонымен қатар Елбасы Олимпиадалық жеңіске үлес қосқан әрбір спортшыға, бапкерлер құрамына, спортшылардың туыстарына танытқан ерік-жігерлері үшін алғысын айтты.

Осы ретте Н. Назарбаев шараға қатысушыларға  спорттық жетістіктерді еселей түсу тілегін жеткізді. «Олимпиада чемпионы үнемі жаттығуы керек, себебі келесі Олимпиадаға дейін ешкім де бір орында тұрмайды, яғни баршасы дайындықтарын жалғастырады», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар