Елбасы Ө.Шөкеевке «Самұрық-Қазынаға» жұмыс істегісі келетін жастарды тарта алмаса қызметінен кететінін қатаң ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өмірзақ Шөкеевке қорға жұмыс істегісі келетін жастарды тарта алмаса қызметінен кететінін қатаң ескертті.

«Маған жоғарыда ел үшін, өзі үшін жұмыс жасағысы келетін жас адамдардың тізімі мен суреттерін көрсетті. Оларды компанияға қалай тарту қажеттігі - бұл маңызды мәселе болмақ. Бұларды кәсіби білігі, тәжірибесі, білімі бойынша қалай жоғарылатуға болады? Яғни, атқарған істеріне байланысты. Қоңырау шалса, танысы болса жеткілікті, ондайлар жұмысқа орналасып жатады. Олар ол жақта қол қусырып бос отырады. Міне, бұл басты міндет және Шөкеев мырза, осы міндеттерді атқара алсаң, ары қарай жұмыс істейсің. Атқара алмасаң, жұмыстан босатыласың», - деді Елбасы қордың басқарма төрағасы Ө.Шөкеевке қарата.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі жиында компанияны дайындығы жоқ адам басқарса табысқа жету мүмкін еместігі әділ айтылғандығына ерекше тоқталып өтті.

«Қажеттінің барлығын біз саған береміз. Жаса. Жасай алмасаң жұмыс істемейсің. Бізде нақты жұмыс жоспары болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар