Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шарын өзенінде салынған Мойнақ ГЭС-ін іске қосты

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шарын өзенінде салынған Мойнақ ГЭС-ін іске қосты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-мен салынған Мойнақ ГЭС-і еліміздің оңтүстігін электр қуатымен қамтамасыз етпек. Аталған жобаның ерекшелігі -нысанға бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. «Мойнақ ГЭС-і көптен күткен нысан болатын. Бізге оңтүстіктегі электр тапшылығы мәлім. Осы тапшылықтың проблемасын шешу үшін нысан аса қажетті әрі тиімді. Оның үстіне, бұл бірнеше жылдар бойы жүзеге асып жатқан шарадан алынатын электр қуатының бағасы да арзан болмақшы. Құрылысшыларды, энергетиктерді құттықтаймын. Іске қосуға рұқсат», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар