+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шахтерларын кәсіби мерекемен құттықтады

2019 жылғы 24 тамыз 09:44
Бөлісіңіз:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шахтерларын кәсіби мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шахтерларын кәсіби мерекемен құттықтады. Елбасының құттықтауы оның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті Қазақстанның Тұңғыш Президенті еуразиялық интеграция  жетекшісі болып қала береді  - Айдос Үкібай

«Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын!

Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қараймын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс.

Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер.

Көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болады. Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады.

Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!»,-делінген Елбасының құттықтауында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT