Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Ауылда жұмыс істеуге, тұруға қолайлы жағдайлар жасау жалғаса беретін болады

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ауылда жұмыс істеуге, тұруға қолайлы жағдайлар жасау жалғаса беретін болады, деді Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстанда шамамен 7 мыңға тарта елді мекендер бар. Олардың 3 мыңға жуығы 2020 жылға дейінгі ел дамуының аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды сызбасына кіргізілген. Перспективалық өсім нүктесі ретінде олардың дамуына қажетті мемлекеттік ресурстар бөлінетін болады. «Біз қазақстандық ауылдарды қайта құрылымдау үдерістерін жалғастыра беретін боламыз. Ауыл тұрғындары үшін тіршілік етуге, жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасаймыз. Мен осы мәселеге ұлттық компанияларды, кәсіпкерлерді, қоғамды жұмылуға шақырамын», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар