Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Абу Даби Плаза» кешені құрылысының іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты

None
None
ыздың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы көп бейінді «Абу Даби Плаза» кешені құрылысының іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты,

деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Осы нысан әлемдегі ең биік 14 ғимараттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар осы өңірдегі ең сәулетті үлкен ғимарат болады. «Абу Даби Плаза» кешені Астананың көркін келтіретін көркем сәулетті кешен. Сондықтан ол өте маңызды ірі жобалардың санатына жатқызылып отыр», деді Елбасы.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда «Абу Даби Плаза» жобасы   бойынша нысанның биіктігі 382 метр болатын 88 қабатты құрайды. Аталған кешенде жоғары және орта сыныптағы 450 пәтер мен 2  қонақ үй салынатын болады.

Сондай-ақ онда жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден тұратын кеңселік орын -жайлардың құрылысы қарастырылған. Оның аумағында 4,5 мың автокөлікке арналған тұрақ орналасады. Жобаның құны 1 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланып отыр. Нысанның бірінші кезеңінің құрылысын 2013 жылдың қыркүйегінде тапсыру жоспарланған. Ал екінші кезегі 2014 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілмек.

 Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы шілденің 7-сінде ҚР Заңымен еліміздің Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында аталған кешеннің құрылысы бойынша келісім бекітілген болатын. Жобаны «Алдар ЕуроАзия» ЖШС-і жүзеге асырады. Оның жұмысына Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы жобасының авторы британдық сәулетші Норман Фостердің бюросы тартылып отыр.

Соңғы жаңалықтар