+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды

2019 жылғы 13 қыркүйек 13:23
Бөлісіңіз:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлайды elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына дайындық барысы баяндалды Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар нақты тапсырма берді Назарбаев пен Путин екі елдің өзара іс-қимылының негізгі аспектілерін талқылады

Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.




Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтындығын атап өтті.

- ­­Жекешелендіру жоспарын АХҚО Биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты, ­- деді Елбасы.



Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етудің және елдің стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

- Алда орталықты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық серіктестермен қалыптасқан іс-қимылды жалғастыру маңызды. Мен АХҚО жұмысын ұдайы қолдайтын боламын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT