Елбасы нұротандықтарға Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттілігін еске салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізуде.

«Жиын барысында сөз алған Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар