+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

2019 жылғы 10 қыркүйек 17:56
Бөлісіңіз:
Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Тұңғыш Президенті Парламент Мәжіліснің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlbasy.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласуға тыйым салынбақ Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі Сапархан Омаров: Астық бағасының жоғарылауына қарсы бола алмаймын

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының қазіргі қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берілді.

«Қазіргі таңда Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысына кірісті. Біздің фракцияның алдына Сіздің тапсырмаларыңыздың, сайлауалды уәделердің орындалуы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асуын сапалы бақылау міндеттері қойылды», – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Елбасына Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

«24 қыркүйекте өтетін спикерлер отырысына әлемнің 65 елінен келген делегат қатысады. Елімізде мұндай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Еуропа және Азия елдері парламенттері спикерлерінің биылғы кездесуі Сіздің еуразиялық интеграция туралы идеяңыздың 25 жылдығына арналған», – деді Парламент Мәжіліс Төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT