+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елбасы «Nur Otan» партиясының  базалық 3 принципін атады

2020 жылғы 25 қараша 13:43
Бөлісіңіз:
Елбасы «Nur Otan» партиясының  базалық 3 принципін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының базалық 3 принципін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan сапалық құрамы, ұлттық құрамы мен экономикалық бөліністері бойынша Қазақстанның проекциясы саналады. Сондықтан да біз халқымыздың, Қазақстан халқының гүлденуі үшін одан ары да жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Елбасы партияның кезектен тыс ХХ съезін қорытындылай келе.

Осы орайда Елбасы Nur Otan партиясы барлық уақытта да базалық 3 принципті басшылыққа алғанын және алдағы уақытта да оған арқа сүйейтіндігін баса айтты.

«Біріншісі - жауапкершілік. Біз шынайы істер партиясымыз. Демек, жауапты саяси күш деген сөз. Яғни, айтты - істеді. Қиын сәттерде Nur Otan барлық уақытта халықпен бірге болды. Бүгінде партия елдегі шынайы билікпен байланыстырылады. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктейді және оны түсінеміз. Nur Otan партиясынан кандидат болу, партиялық тізімнің бөлшегіне айналу - бүгін және болашақта мемлекеттің жауапкершілігін бөлісу. Екінші принцип - командалық бірлік. Партияға мүшелік - бұл басымдық емес, қоғам алдындағы міндет, отанның игілігі үшін күнделікті жұмыс. Үшінші принцип - орталық идеальдар мен мақсаттарды ұстану»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT