Елбасы: НУ түлектері - Отанымызда да, шетелде де сұранысқа ие мамандар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заманның үздік білімін игеріп шыққан Назарбаев Университетінің түлектері ел игілігі үшін еңбек етеріне сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу - инемен құдық қазғандай шаруа. Бүгін оқу бітіріп жатқан 900-ден астам студенттің 565-і бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу бітіруде. Сондай-ақ, 403-і магистратураны бітірді. 20 студент докторантураны аяқтады. Өткен жылдардың ішінде (4 жылда) университет қабырғасынан 2,6 мың студент түлеп ұшқан болатын. Университеттің түлектері - бәсекеге қабілетті мамандар, Отанымызда да, шетелде де сұранысқа ие ақыл иесі деп білемін. Бакалавриат бойынша оқу бітірген студенттердің 40 пайызы әлемнің үздік ЖОО-ларынан шақырту алып, ары қарай білімін шыңдауға бекініп отыр. Алайда олар PhD бағдарламасы аяқталғаннан кейін Отанына оралып, ел үшін еңбек етуі керек. Бұл әділеттік қой - дұрыс па? Түлектердің жартысы қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларында табысты түрде еңбек етуде. Алдағы уақытта шетелге кеткен түлектеріміз толағай біліммен елге еңбегін сіңіреді деген үміттемін», - деді Елбасы Назарбаев Университетінде өткен оқу бітіру рәсімінде.

Нұрсұлтан Назарбаев НУ түлектері осыған дейін 30 стартап пен бизнес-жоба ойлап тапқанын тілге тиек етті.

«Басқа адамдар үшін жұмыс орындарын ашты. Өткен жылы Бостонда Ғылым және технология мектебінің студенттік командасы алтын медаль иеленді. Гендік-инженерлік көліктер халықаралық байқауында «Елістік» атты университет қызметкерінің жобасын коммерциализациялау тұрғысында ерекше атап өтуге болады. Бұл - жер бөлінісін нақты бере алатын интеграцияланған платформа. Бізге ол аса қажет», - деді ол.

Еске сала кетсек, Назарбаев Университетінде салтанатты түрде V оқу бітіру рәсімі өтіп жатыр. Биыл аталмыш университеттегі түлектер саны - 963 студент. Оның ішінде 565 студент бакалавриат бағдарламасы бойынша, 378 студент магистратура бағдарламасы, 14-і - медицина докторы және 6 студент докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітіруде.

Соңғы жаңалықтар